Жаңалықтар архивы

02 қыркүйек, 2021
418

Электр энегетикасы саласын алдағы цифрландыруға байланысты "КОРЭМ" АҚ-ын ребрендинг және қайта орналастыру іс-шаралары

1 Фото

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бастамасы бойынша «КОРЭМ» АҚ еңбек өнімділігінің өсуіне және Қазақстан – 2050 даму стратегиясына сәйкес Индустрия 4.0 элементтерін кезең-кезеңімен енгізуге және электр энергетикалық сектордың цифрлық экожүйесін құру бойынша жұмыс жүргізуде.

2021 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі «КОРЭМ» АҚ қызмет түрін «электр энергиясын сатудан» «деректерді өңдеу, қосымшаларды (қолданбалы бағдарламаларды) орналастыру және осыған байланысты қызмет» жөніндегі жұмысқа өзгертулер келісілді. Бұл өзгерістер компанияның қазіргі функцияларын да, энергетика саласының субъектілері үшін цифрлық сервистер көрсету жөніндегі жаңа бағыттардың дамуын да толық көлемде көрсетеді.

Ребрендинг аясында компанияның жаңартылған логотипі ұсынылды. Жаңа дизайн тұжырымдамасы «КОРЭМ» АҚ құндылықтарын қалыптастыратын үш бағытқа бөлінеді:

Жасыл/қызғылт сары – экологиялық таза және жаңашылдық ретінде.

Қара көк – бизнес үшін серіктестіктегі сенімділік және саланы дамыту.

Өткір/қатал – инновация, құзыреттілік және кәсібилік.

Компанияның жаңа логотипінде әлі де корпоративтік түстер қолданылады, бұл компанияның және саланың тұрақты, экологиялық және инновациялық дамуы үшін технологиялық шешімдерді іздеу бойынша бұрынғы миссиясының сабақтастығын растайды.

«КОРЭМ-інің жаңа айдентикасы біздің құндылықтарымыз бен ұстанымдарымызды дәлірек ашады. Біз енді сфера элементімен шектелмейміз. Өткір пішін біздің цифрлық инновациялар бағыттарында белсенді даму қабілеттілігімізді ашып көрсетеді», - деп бөлісті «КОРЭМ» АҚ Басқарма Төрағасы Бакытжан Ильяс.

 

Анықтамалық ақпарат:

«КОРЭМ» АҚ «Электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығының тиімділігін арттыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі №606 қаулысына сәйкес құрылған, саланың инфрақұрылымдық ұйымы және электр энергиясы нарығында бәсекелестікті дамыту құралы болып табылады. 2021 жылы «КОРЭМ» АҚ акцияларының 100%-ы республикалық меншікке ҚР Үкіметінің 17.03.2021 ж. №144 қаулысымен берілді.