Жаңалықтар архивы

26 тамыз, 2021
400

ҚР Энергетика министрлігінің «КОРЭМ» АҚ алаңында Орталық Азиядағы USAID миссиясының өкілдерімен кездесуі

1 Фото

 

2021 жылғы 24 тамызда «КОРЭМ» АҚ алаңында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Орталық Азиядағы USAID миссиясының өкілдері «Орталық Азия Энергетикасы» - Power Central Asia USAID жобасы шеңберінде энергетика саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.

Саланы технологиялық дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруға және кәсіби кадрлардың әлеуетін арттыруға бағытталған электр энергетикасы саласындағы технологиялық құзыреттің Салалық орталығын құру жобасына ерекше назар аударылды.

«КОРЭМ» АҚ Басқарма Төрағасы Бакытжан Ильяс Нассенұлы қонақтарға технологиялық құзыреттердің Салалық орталығы шеңберіндегі жаңа бастамалармен таныстырды. USAID миссиясының өкілдері Министрліктің салалық платформаларды құру жөніндегі бастамаларына үлкен қызығушылық білдірді.

Бұдан басқа, кездесу шеңберінде ЖЭК аукциондарын дамыту, маневрлік генерация, цифрландыру және Қазақстанның гидропотенциалының онлайн картасын жасау мәселелері қозғалды. Тараптар энергетика секторын цифрландыру мен инновациялық трансформациялау басым болып табылатынын және ынтымақтастықтың одан әрі бағыттарын айқындағанын атап өтті.

Ақпараттық анықтама:

USAID-халықаралық даму жөніндегі жетекші агенттік және тұрақты дамудың катализаторы. Қосымша ақпарат алу үшін Орталық Азиядағы USAID веб-сайтына кіріңіз: https://www.usaid.gov/central-asia-regional

USAID «Орталық Азия Энергетикасы» жобасы құны 39 миллион доллар тұратын 5 жылдық өңірлік энергетикалық бағдарламаны қамтиды, ол Орталық Азияның бес еліне-Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанға - энергетикалық сектор арқылы олардың экономикалық басымдықтарына қол жеткізуге көмектеседі.