Жаңалықтар архивы

23 қараша, 2020
340

«KOREM» АҚ сауда алаңында электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілді

1 Фото

2020 жылғы 18-19 қарашада «KOREM» АҚ орталықтандырылған сауда нарығы операторының сауда алаңында Қазақстан Республикасы бірыңғай энергетикалық жүйесінің (ҚР БЭЖ) солтүстік, оңтүстік және батыс аймақтары бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттығы өткізілді.

Бірыңғай сатып алушы мен Жүйелік оператордың электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықты өткізу үшін «KOREM» АҚ-ға келесі бастапқы деректер ұсынылды:

  • ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша электр қуатына болжамды сұраныс (Алматы облысын есепке алғанда) - 3943,82 МВт;
  • ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша электр қуатына болжамды сұраныс - 1235,09 МВт;
  • ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша электр қуатына болжамды сұраныс - 464,69 МВт;
  • ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатына болжамды сұраныс - 321,83 МВт;
  • ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр жеткізу желілерінің өткізу қабілетінің көлемі - 900 МВт;
  • ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысын байланыстыратын, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстарын байланыстыратын электр жеткізу желілерінің өткізу қабілетінің көлемі - 50 МВт;
  • ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр жеткізу желілерінің өткізу қабілетінің көлемі - 130 МВт.

 Электр қуаты бағасының негізсіз өсуін шектеу үшін сауда жүйесінде ҚР энергетика Министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығымен бекітілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке айына 590 мың тг/МВт сомасында (ҚҚС-сыз) шекті тариф қолданылды.

Ағымдағы жылғы 18 қарашада Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр жеткізу желілерінің өткізу қабілетін есепке ала отырып, ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары үшін электр қуатымен бірлескен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілді.

 ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтары бойынша электр қуатына болжамды сұраныс 5 178.91 МВт құрады, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша – 3 943.82 МВт және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша – 1 235.09 МВт. ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймақтарын байланыстыратын электр жеткізу желілерінің өткізу қабілетінің көлемі - 900 МВт.

 Орталықтандырылған сауда-саттық барысында жалпы көлемі 5 875 МВт болатын 21 энергия өндіруші ұйымнан электр қуатын сатуға өтінімдер берілді.

 Орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша электр қуатының іріктелген көлемі осы аймақтар бойынша 5 178,91 МВт құрады, оның ішінде ҚР БЭЖ Солтүстік аймағы бойынша – 4 777,91 МВт және ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағы бойынша – 401 МВт, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны айына әрбір МВт үшін 590-нан 585 мың теңгеге дейін (ҚҚС-сыз). Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша орташа алынған баға айына 589,91 мың тг/МВт құрады (ҚҚС-сыз).

 Сауда сессиясы аяқталғаннан кейін 21 қатысушыға Бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шарттар жасасу қажеттілігін көрсете отырып, жеңімпаздар туралы тиісті хабарламалар жіберілді.

 Ағымдағы жылғы 19 қарашада Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстарын байланыстыратын электр жеткізу желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысы бойынша электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілді.

 Маңғыстау облысы бойынша электр қуатына болжамды сұраныс – 464,69 МВт құрады. ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысын ҚР БЭЖ Батыс аймағымен және Атырау облысын ҚР БЭЖ Батыс аймағымен байланыстыратын электр жеткізу желілерінің өткізу қабілетінің көлемі - 50 МВт.

 Орталықтандырылған сауда-саттық барысында жалпы көлемі 804 МВт болатын 6 энергия өндіруші ұйымнан электр қуатын сатуға өтінімдер берілді.

 Орталықтандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша электр қуатының іріктелген көлемі 464,69 МВт құрады, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша – 414,69 МВт, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстары бойынша – 50 МВт, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны айына әрбір МВт үшін 590-нан 220 мың теңгеге дейін (ҚҚС-сыз). Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша орташа алынған баға айына 550,19 мың тг/МВт құрады (ҚҚС-сыз).

 Сонымен, орталықтандырылған сауда-саттықты өткізудің бүкіл тарихында осы сауда-саттықта электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер құнының бекітілген шекті тарифтен 63% - ға барынша төмендеуі тіркелді.

 Сауда сессиясы аяқталғаннан кейін 2 қатысушыға Бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шарттар жасасу қажеттілігін көрсете отырып, жеңімпаздар туралы тиісті хабарламалар жіберілді.

 Ағымдағы жылғы 19 қарашада Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін Батыс-Қазақстан және Атырау облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр жеткізу желілерінің өткізу қабілетін ескере отырып, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатымен бірлескен орталықтандырылған сауда-саттық өткізілді.

 ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстары бойынша электр қуатына болжамды сұраныс 321,83 МВт құрады. ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр жеткізу желілерінің өткізу қабілетінің көлемі 130 МВт құрады.

 Орталықтандырылған сауда-саттық барысында жалпы көлемі 370 МВт болатын 6 энергия өндіруші ұйымнан электр қуатын сатуға өтінімдер берілді.

Орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша электр қуатының іріктелген көлемі осы сауда-саттық бойынша 321,83 МВт, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс-Қазақстан және Атырау облыстары бойынша – 296,83 МВт, Маңғыстау облысы бойынша – 25 МВт, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны айына әрбір МВт үшін 575-тен 570 мың теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) құрады. Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша орташа алынған баға айына 572,02 мың тг/МВт құрады (ҚҚС-сыз).

 Сауда сессиясы аяқталғаннан кейін 6 қатысушыға Бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шарттар жасасу қажеттілігін көрсете отырып, жеңімпаздар туралы тиісті хабарламалар жіберілді.

 Электр қуатымен орталықтандырылған сауда-саттықта бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігінің және «ЖЭК жөніндегі ҚЭАО» ЖШС өкілдері қатысты.