|
«Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының 15 бабы 2 тармақшасына сәйкес электр энергиясымен орталықтандырылған сауда нарығының операторына келесі қызметтер жүктелген:
- Спот сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыру,
- Орта мерзімді (апта, ай) және ұзақ мерзімд і кезеңдерге электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізуді жүзеге асыру;
- Электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттық нарығына электр энергиясының көтерме нарық субъектілерінің тең жағдайда қол жетімділігін қамтамасыз ету;
- Электр энергиясымен орталықтандырылған сауда –саттық ережелерімен белгіленген талаптарға электр энергиясының көтерме нарық субъектілерінің сәйкестіктерін анықтау;
- Электр энергиясымен орталықтандырылған саудада электр энергиясын сатып алу-сату жөнінде жасалған мәмілелерді тізімдеу мен тіркеуді жүзеге асыру;
- Өз құзыретінің шегінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін электр энергиясына орталықтандырылған саудада қалыптасқан индикативтік бағалар жөніндегі ақпаратпен және басқа да рыноктық ақпаратпен қамтамасыз ету.
|